Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразия интеграциялық институтының директоры, танымал саясаттанушв Ерлан Саиров "Бейбіт жиын туралы" заң жобасына қатысты білдірді.
Митингілер туралы жаңа заңның қабылдануы - еліміздің қоғамдық-саяси қатынастарындағы алғышарт деп бағалауға болады. Қазақстанның саяси тарихында тұңғыш рет митингілер мен бейбіт жиналыстарға құлақтындыруға арқылы шығуға рұқсат берілді.Пикеттер барлық қоғамдық орындарда өткізілуі мүмкін. Тек қалада немесе ауылдың инфрақұрылымының құрылысына әсер етпейтін, азаматтардың қауіпсіздігіне кері әсер етпейтін болса жеткілікті. Яғни, әкімшілік алдында, басқа бір құзырлы органның алдында өткізуге мүмкіндік бар. Іс жүзінде бұл алға жылжудың маңызды қадамы, - дейді Ерлан Саиров.
Ол сонымен қатар, қазір ақпарат ғасырында өмір сүретінімізді түсінуіміз керек екенін, яғни азаматтардың үнін билікке жеткізудің басқа да жолдары барын айтып отыр.
Наразылықты тек осылай жаппай бұқаралық түрде көшеге шығып, айтудан да басқа да жолдары бар. Сосын жаңа заңға сәйкес митинг өткізетін жер қаланың ортасында болу керек делініп жатыр. Мемлекеттік органдар не жеке адамдар азаматтардың бейбіт шеру өткізулеріне кедергі жасауға құқығы жоқ. Өткізу орны барлық инфрақұрылымға сай болуы керек. Атап айтқанда, заң осы бейбіт жиналыстарды толық қамтуға кепілдік береді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бұл орындардың бос немесе бос еместігін үнемі онлайн-режимде көрсетіп отыруы тиіс. Сонда митинг өткізгісі келетін азамат хабарландыру берер алдында ол жердің бос немесе бос еместігін біліп отырады, - дейді саясаттанушы.
Оның айтуынша, бұл заң қолданысқа енгізгенге өте ыңғайлы.
Қоғамдық процестерді жетілдіруде өзінің рөлін жақсы атқарады. Заман өзгеріп тұрады, қазір өзгерістердің динамикасы өте үлкен. Азаматтық қоғам тарапынан сыни көзқарасқа келетін болсақ, ол қалыпты түрде қалыпты жағдай. Өйткені ол қоғамдық-саяси процестің бір бөлігі саналады. Егер осы заңды қолданысқа енгізуге байланысты қиындықтар туындаса, бір жыл ішінде қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік бар. Заң жобасының Парламент Сенатында қаралуы - Қазақстанның қоғамдық-саяси процестеріндегі үлкен ілгерілеу екені сөзсіз. Талқылауға танымал құқық қорғаушылар мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелері қатысып жатыр, - дейді Ерлан Саиров.