Мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары адам саудасымен айналысқан

7 Маусым 2022, 09:41
1366
Бөлісу:
Мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары адам саудасымен айналысқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары адам саудасымен айналысқан. Бұл туралы Антикор хабарлады.

Қостанай облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ лауазымды адамдарына қатысты адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - делінген хабарламада.

Олар облыстың әлеуметтік мекемелерінің бірінде мемлекеттің қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азаматшаны Нұр–Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде пайдалану үшін табыстады деп күдіктеліп отыр.

Күдіктілердің бірі соттың санкциясымен үй қамауына алынды.

Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданады.

ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы