Мемлекеттік мекемелердің БАҚ-пен байланысын арттыруға арналған курс өтеді

18 Шілде 2024, 22:16
479
Бөлісу:
Мемлекеттік мекемелердің БАҚ-пен байланысын арттыруға арналған курс өтеді
Фото: Артём Чурсинов -архив

Мәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жылғы 5-6 тамызда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, "Медиа дамыту қоры" КҚ-мен бірлесіп, "Мемлекеттік мекемелер мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникациялар" тақырыбында курс өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

МО және ЖАО-ның БАҚ-пен өзара байланыс орнату жөніндегі уәкілетті тұлғалары (бөлімшелер) үшін арнайы бағдарлама әзірленді.

Іс-шара уәкілетті тұлғалардың жұмыс сапасын арттыруға, мемлекеттің заңнамалық және өзге де бастамаларын мазмұнды түсіндіруге, БАҚ арқылы халықты сенімді ақпаратпен уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Спикерлер ретінде мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші медиа жаттықтырушылар, стратегиялық және дағдарыстық коммуникациялар саласындағы мамандар сөз сөйлейді. 

Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ баспасөз қызметтерінің өкілдері үшін ZOOM платформасында онлайн трансляция ұйымдастырылады.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі нөмір бойынша хабарласуға болады: +7 7172 740186.

Өзгелердің жаңалығы