Мемлекеттік мекеме атыраулық кәсіпкердің шотынан негізсіз ақша алған

15 Маусым 2023, 20:58
818
Бөлісу:
Мемлекеттік мекеме атыраулық кәсіпкердің шотынан негізсіз ақша алған
Фото: Артём Чурсинов - архив

Алайда іс жүзінде кәсіпкерде ешқандай дебиторлық берешек болмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне және өңірлік кәсіпкерлер палатасына ЖШС басшысы Атырау қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасының заңсыз әрекеттеріне шағымданып келді. Айтуынша, басқа кәсіпорын алдындағы дебиторлық берешекті өтеу үшін ЖШС шотынан 41,8 млн теңгені негізсіз өндіріп алды.

Бұл ретте іс жүзінде ешқандай дебиторлық берешек болған жоқ. Шенеуніктердің заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде кәсіпкер 42 қызметкерге жалақы, салық төлей алмады және келісімшарттық міндеттемелерді орындай алмады. Өз кезегінде, облыстың Антикор қызметі ұйымдастырған мемлекеттік кірістер департаменті мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесудің нәтижесінде заңсыз алынған қаражатты қайтару жөнінде оң шешім қабылданды. Бүгінгі таңда кәсіпкерге қаражатты қайтару рәсімі жүргізілуде, - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы