Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік қоры броньнан шығарылды

15 Сәуір 2024, 08:51
244
Бөлісу:
Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік қоры броньнан шығарылды
Фото: скрин

ТЖМ бұйрығына сәйкес Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік қоры броньнан шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ бұйрығына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен Атырау облысының Құлсары қаласынан эвакуацияланған азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған 264 тонна азық-түлік қоры броньнан шығарылды.

Сондай-ақ, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынын жоюға жұмылдырылған әскери қызметшілер үшін 92 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы