Мемлекеттік материалдық резервтен 81 тонна азық-түлік тауарлары және 158 тонна мұнай өнімдері броньнан шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ бұйрықтарына сәйкес Атырау облысында су тасқынын жоюға жұмылдырылған әскери қызметшілерді тамақпен, сондай-ақ тартылған инженерлік техниканың жанар-жағармай материалымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 81 тонна азық-түлік тауарлары және 158 тонна мұнай өнімдері броньнан шығарылды.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында қосымша эвакуациялық пункттерді қалыптастыру мақсатында мемлекеттік материалдық резервтен 10 мың адамға арналған төсек-орын жабдықтары қосымша броньнан шығарылды.