Мемлекеттік қызметкерлерді оқытудың үшінші кезеңі басталды

2 Қараша 2020, 19:25
1580
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметкерлерді оқытудың үшінші кезеңі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «А» корпусының мемлекеттік қызметшілеріне арналған арнайы курстардың жаңа бөлімі басталды.

Елбасы-Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Стратегия-2050: қалыптасқан мемлекеттің бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2013 жылы елімізде мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын іске асыруға жауапты кәсіби басқарушылардың жаңа тобы – «А» корпусы жасақталды.

Бұл саяси қызметшілердің санын 6 есеге, 3,2 мыңнан 538 адамға дейін қысқартуға және мемлекеттік қызметтің қазіргі үш сатылы моделін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Егер саяси корпус тиісті бір бағыт пен саланы дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындайтын болса, онда «А» корпусы стратегиялық шешімдер қабылдау мен олардың орындалуы арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда «А» корпусының штаттық саны 84 адамды құрайды.

Ел президенті Қ.К. Тоқаев «Болашақ көшбасшы мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі дағдарыстар мен іргелі өзгерістер дәуірінде туындап жатқанына» назар аударды. Сондықтан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшылардың жаңа буынын қалыптастыруға, атап айтқанда, олардың құзыреттері мен кәсібилігін дамытуға көп көңіл бөледі.

Бүгін басталған курс үшіншісі және бүкіл «А» корпусының оқуын аяқтайды. Курстарда Конституциялық Кеңестің, Жоғары Соттың, Реформаларды стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің, Есеп комитетітің және т.б. аппарат басшылары мен комитет төрағаларынан тұратын 25  адам оқытылуыда. Оқыту барысында жобалық менеджмент, жұмыс процесінде туындайтын теке-тірестерге ден қою, қаржы және фискалдық менеджмент, бизнес-үдерістердің реинжинирингі, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерінің трансформациясы мәселелері зерделенуде.  

МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова аталған курстар арқылы жаңа формация басшылары стратегиялық көшбасшылық, өзгерістерді басқару және тиімді коммуникациялар сияқты қасиеттерді бойына сіңіріп, өз  құзыреттерін дамытуға мүмкіндік алатынына сенім білдірді.

Ведомство басшысы курс қатысушыларына арналған  өз сөзін ұлы Абайдың: «Пайда ойлама, ар ойла. Талап кыл артық білуге» атты өнегелі сөзімен қорытындылады. 

Арнайы курстарда оқыту ағымдағы жылдың 21 қарашасына дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы