Мемлекеттік қызметкердің әрбір шешіміне Қылмыстық кодексті қолданған дұрыс емес – Исекешев

9 Шілде 2021, 10:25
2750
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметкердің әрбір шешіміне Қылмыстық кодексті қолданған дұрыс емес – Исекешев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2021 жылдың 1-жартыжылдықтағы қорытындысы бойынша алқа отырысында айтты.

Агенттік жұмысында белгілі бір нәтиже бар деп айтуға болады. Жемқорлық деректерінің тіркелуі азайып, халықаралық рейтингтегі позициялар жақсарып жатыр. Алайда сыбайлас жемқорлық саны әлі де жоғары. Бұл белсенді жұмысты жалғастыру қажетін көрсетеді. Мемлекет басшысы өткен жылғы отырыста пандемия кезінде жемқорлықпен күресті күшейту қажеттігін айтты. Карантин кезінде бизнеске салмақ түсіп, азаматтардың табысы азайды, - деді Исекешев.

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия туралы айтты.

Ұлттық даму жоспарында 2025 жылға дейін жемқорлыққа төзімділікті 45 балға жеткізу қарастырылған. Оған қоса жемқорлықты төмендетуді нақты жоспарсыз жүзеге асыру қиын. Әрекеттегі жоспарды жүзеге асыру өзгесін әзірлеу кезінде жұмыс істей береді. Бұл тиімділікке әсер етпеуі керек, - деді Әсет Исекешев.

Президент көмекшісі жемқорлықпен күресте азаматтық қоғаммен бірлесе жұмыс істеу маңыздылығын айтты.

Бұл жерде қоғамға пара алу мен пара беру қатаң жазаланатынын айту керек. Бұл «індетпен» күрес қатаң әрі жүйелі жүзеге асырылады. Бірақ мемлекеттік қызметкердің әрбір шешіміне қылмыстық кодексті қолданған дұрыс емес. Сондықтан үш буынды қылмыстық тергеуді іске қосқан абзал. Осылайша, прокурорлық сүзгіден өткізу іске қосылады. Агенттік те осы модельді белсенді қолданады деп үміттенеміз. Бұл қылмыстық үрдістегі заңнамалықты арттырады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы