Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жөніндегі ережені бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекеттік күзет қызметінің басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталды.
МКҚ-ның ендігі міндеттері - Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жарлық 3 тамызда күшіне енеді.