Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды
18 Мамыр, 15:07 547

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...