Мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей декларациялау бойынша челлендж ұйымдастырды

9 Қыркүйек 2022, 21:34
872
Бөлісу:
Мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей декларациялау бойынша челлендж ұйымдастырды

Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру мерзімдері туралы еске салып және елге адал қызмет етуге шақырып, челлендж ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Акцияны Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бірінші болып бастап, оны Шымкент қаласы мен Жамбыл облысы қолдады. Одан кейін челлендж Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.

Түркістан облысы бойынша МКД-нің бейнеролигін қарау:

https://youtu.be/o6aJTooaDts

Шымкент қаласы бойынша МКД-нің бейнеролигін қарау:

https://youtu.be/aKHvrlJoQa4

Жамбыл облысы бойынша МКД-нің бейнеролигін қарау:

https://youtu.be/TDYoeUJ-UIo

Мемлекеттік кірістер комитетінде жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру мерзімінің аяқталуына небәрі 1 апта қалғанын еске салды. Дегенмен, бүгінгі күнге әлі 96 мыңға жуық адам декларацияны тапсырмаған.

Кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00-нысан) 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде электронды түрде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсыну қажет.

2021 жылы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы  декларациясын (250.00-нысан) ұсынған адамдар 2022 жылы кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынуы тиіс.

Егер салық декларациясы мерзімінде табыс етілмесе, онда салық органдары алғашында ескертумен шектеледі. Ескерту берілгеннен кейін бір жыл ішінде жеке тұлға тарапынан қайталап бұзушылық орын алса, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыды, ол бүгінгі күні 
45 945 теңгені құрайды. 

Өзгелердің жаңалығы