Мемлекеттік кірістер комитеті валюталық бақылау органдарының біріне айналады

26 Қаңтар 2024, 20:12
391
Бөлісу:
Мемлекеттік кірістер комитеті валюталық бақылау органдарының біріне айналады
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті валюталық бақылау органдарының біріне айналады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мониторингі және бақылау, болжамды бұзушылықтар туралы ақпараттарды өңдеу, құжаттамалық тексерулерді және валюталық бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру, ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау бойынша талапты бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту практикасы, сондай-ақ валюталық істер бойынша ақпараттарды және растайтын құжаттарды ұсыну мерзімдері, оның ішінде құқық қорғау органдарына беру бойынша функциялар жүктелді.

Комитет қабылдаған бірқатар шаралар валютаны репатриациялауға (қайтаруға), валюталық заңнаманы бұзуға қарсы тұруға және заңсыз шығарылған капиталды қайтаруға ықпал етуге бағытталған.

Экспорттық-импорттық операцияларға мониторингті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік алынды. Бизнес-процестер бойынша нұсқаулықтар әзірленіп, валюталық заңнаманы бұзушылық бойынша материалдар қаралды.

2024 жылы Мемлекеттік кірістер комитетінің валюталық бақылау жөніндегі ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Процестерді автоматтандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесін одан әрі интеграциялау мәселесі де пысықталуда.

Бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылды, атап айтқанда, мынадай заңнамалық актілерге:

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне валюталық бақылау функцияларын және оның құзыреттерін, оның ішінде тексерулерді жүзеге асыруды беру бөлігінде, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

- валюталық кірістерді репатриациялау бөлігінде валюталық заңнаманы бұзғаны үшін адамдарды жауаптылыққа тарту функциясын беру бөлігінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне валюталық бақылауды жүзеге асыру функцияларын беру бөлігінде, «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

- Валюталық реттеу мәселелері бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына реттеушілік әсерді талдау рәсімін таратпау бөлігінде Кәсіпкерлік кодекске өзгерістер енгізілді;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асырудың бірлескен қағидалары бекітілді;

- экспорттық-импорттық операциялар бойынша валюталық репатриациялау мониторингін жүзеге асыру функциясын беру бөлігінде, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;

- қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Есептік нөмірді алу тәртібін бұзу», «Ақпарттарды және (немесе) құжаттарды ұсынубау немесе белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну» және «Ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талаптарын орындамау» 244, 244-1 және 251-баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі түзетулер қаралуда.

Өзгелердің жаңалығы