Мемлекеттік кірістер комитеті енді бейнеқоңырау арқылы кеңес береді

13 Қазан 2023, 17:00
588
Бөлісу:
Мемлекеттік кірістер комитеті  енді бейнеқоңырау арқылы кеңес береді
Фото: BAQ.KZ - архив

Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 16-қазанынан бастап Комитеттің «Байланыс орталығы» салық төлеушілерге кеңес беруді бейне байланысы арқылы көрсетудің пилоттық жобасын іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жобаның мақсаты арнайы Qr-кодты басу арқылы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы сілтемесі арқылы немесе Telegram-да Salyqbot-та «Бейнеқоңырау» арқылы түскен қоңырауларды қабылдап, осы бойынша салық төлеушілерге неғұрлым ыңғайлы және жылдам форматта консультациялық қызметтер көрсету.

Сервис абоненттерге бейнеконсультация барысында мәтіндік хабарламалар мен қажетті сілтемелер жіберуге мүмкіндік береді.

Біз сіздің салық міндеттемелеріңізді орындау процесін қарапайым, ыңғайлы және қол жетімді етуге тырысамыз.

Байланыс орталығының жұмыс кестесі: жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма), сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өзгелердің жаңалығы