Мемлекеттік кеңесші ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысымен кездесті

11 Қараша 2023, 14:05
630
Бөлісу:
Мемлекеттік кеңесші ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысымен кездесті
Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сұлтан Раев Ерлан Қаринге биыл құрылғанына 30 жыл толған Халықаралық түркі мәдениеті ұйымның атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары жөнінде ақпарат берді.

Мемлекеттік кеңесші осы 30 жыл ішінде ТҮРКСОЙ түркі халықтарының мәдени мұрасын насихаттауда және түркі мемлекеттері арасындағы мәдени-рухани қарым-қатынастарды дамытуда толайым табысқа жеткеніне назар аударды.

Ерлан Қариннің пікірінше, Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығы аясында белгіленген басым міндеттерді жүзеге асыру кезінде ТҮРКСОЙ зор рөл атқарады. Ұйымның Х саммиті Астанада табысты өтті.

Тараптар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен келесі жылы Қазақстанда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны шеңберінде мәдени шараларды бірлесіп ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу соңында Ерлан Қарин мен Сұлтан Раев ТҮРКСОЙ ұйымы арқылы түркі бірлігін дәріптеуге бейілді екендерін нақтылады.

Өзгелердің жаңалығы