Мемлекеттік кеңесші Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

27 Желтоқсан 2022, 18:51
1246
Бөлісу:
Мемлекеттік кеңесші Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республикалық комиссияның шешімімен 178 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді. Олар әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына және өндірістік орталықтарында магистратура, докторантура және резидентура бойынша білім алады, сондай-ақ тағылымдамадан өтеді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінде стипендиаттардың басым көпшілігі шетелдерде инженерлік-техникалық бағытта білім алып, біліктілігін жетілдіреді.

Жиын соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин «Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы