Мемлекеттік кеңесші Қазақ-қырғыз зиялылары мен шығармашылық өкілдерінің форумына қатысты

18 Сәуір 2024, 19:50
328
Бөлісу:
Мемлекеттік кеңесші Қазақ-қырғыз зиялылары мен шығармашылық өкілдерінің форумына қатысты
PHOTO
Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы Суйунбек Касмамбетов Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Астана қаласында ұйымдастырылған Қазақ-қырғыз зиялылары мен шығармашылық өкілдерінің форумына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өз сөзінде аталған форум екі елдің зиялы қауымы мен шығармашылық сала өкілдерінің бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауына, сондай-ақ әдебиет, өнер және мәдениетаралық ықпалдастықтың басқа бағыттары бойынша заманауи әрі сұранысқа ие жобаларды қолдауға тамаша мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мемлекеттік кеңесші Қазақ-қырғыз зиялылары мен шығармашылық өкілдерінің форумына қатысты

Сонымен қатар шарада Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы Суйунбек Касмамбетов, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Еңбек Ері Бақтықожа Ізмұхамбетов, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік тіл және тіл саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Мелис Мураталиев, Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Абдылдажан Акматалиев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, «Мурас» Қырғызстан халқының тарихи және мәдени мұрасы қорының төрағасы Кыяс Молдокасымов сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.

Форумда шығармашылықты шыңдау, ұрпақтар сабақтастығы және екі елдің рухани-мәдени мұрасын сақтауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар әдебиет пен өнер саласындағы тың бастамалар мен ынтымақтастықтың анағұрлым перспективті бағыттары әңгімеге арқау

Өзгелердің жаңалығы