Мемлекеттік қаржыны басқару бойынша тұжырымдаманы жыл соңына дейін әзірлеу керек – Тоқаев

1 Қыркүйек 2021, 11:28
13147
Бөлісу:
Мемлекеттік қаржыны басқару бойынша тұжырымдаманы жыл соңына дейін әзірлеу керек – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Ұлттық қордың активтерін қалпына келтіру үшін бюджеттік тәртіпті енгізуді жеделдету керек. Заңға сәйкес өзгерістер осы жылдың соңына дейін енгізілуі керек. Елге мемлекеттік қаржыны басқаратын тәртіп керек. Мемлекеттік қарыз бен Ұлттық қорды басқаруы керек. Ұлттық банк пен Үкіметке жылдың соңына дейін мемлекеттік қаржыны басқаратын тұжырымдаманы әзірлеуді тапсырамын, - деді Тоқаев.

Ол атағандай, экономиканы әртараптандыру жұмысын жалғастыру керек.

2020 жылдың нәтижесі бойынша Индустрияландырудың 10 жылдығында алғаш рет өңдеу өнеркәсібінің үлесіне кен өндіру саласы қосылды. 2025 жылға дейін өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтіп, 24 млрд-қа жеткізу керек. Өңдеу өнеркәсібі туралы заң жобасы шикізат алдындағы мәселелерге жауап беруі керек. Шикізат тауарларының бағасы отандық өндірушілерге қолжетімді болуы керек, - деді ол.

Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостансалардан онлайн көрсетіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы