2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 915 кәсіпорны 24 мың жұмыскерге 6,2 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 218 нұсқама беріліп, 169,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 21 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,3 млрд теңге төленді.
Оқи отырыңыз: