Мемлекеттік еңбек инспекторлар жыл басынан қанша жұмыскердің құқығын қорғады

10 Қазан 2024, 19:57
297
Бөлісу:
Мемлекеттік еңбек инспекторлар жыл басынан қанша жұмыскердің құқығын қорғады
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 260 кәсіпорны 17 мың жұмыскерге 3,8 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 6,9 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталды.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 222 ұйғарым берілді және 34,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 15,6 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3 млрд теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2024 жылғы 1 қазандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 338 тексеру жүргізді, оның барысында 6 935 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 5 119; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 750; халықты жұмыспен қамту бойынша – 66.

Жұмыс берушілерге 2 604 ұйғарым беріліп, 331,2 млн теңге сомасына 3 134 әкімшілік айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 28 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Өзгелердің жаңалығы