Мемлекеттік бюджетке қаңтарда қанша кіріс түскені белгілі болды

14 Ақпан 2023, 11:27
1282
Бөлісу:
Мемлекеттік бюджетке қаңтарда қанша кіріс түскені белгілі болды

Мемлекеттік бюджетке қаңтарда қанша теңге түскені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қаңтар айының қорытындысын жариялады.

Мемлекеттік бюджетке 1,5 трлн теңге шамасында кіріс түсті немесе жоспар 144%-ға орындалды, - деді ол.

Ал республикалық бюджетке 1,1 трлн теңге кіріс түсіп, жоспар 139%-ға орындалды.

Кіріс бойынша жоспар 310 млрд теңгеге, оның ішінде салық 302 млрд теңгеге асыра орындалды. Салық бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы корпоративтік табыс салығына, қосылған құн салығына және шикі мұнайға экспорттық кеден бажына тиесілі, - деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев Үкіметте.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың асыра орындалуына 382 ірі салық төлеуші бойынша 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда биылғы қаңтарда мәлімделген аванстық төлемдер сомасының 48,8%-ға немесе 53 млрд теңгеге өсуі әсер еткен.

Өзгелердің жаңалығы