Жыл басынан бері мемлекеттік бюджет кірістері 14% өсті – қаржы министрі

12 Қараша 2019, 11:10
3025
Бөлісу:
Жыл басынан бері мемлекеттік бюджет кірістері 14% өсті – қаржы министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың 10 айы ішіндегі кірістердің өсу қарқыны 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жоғары. Мемлекеттік бюджеттің кірістері 14% өсті, республикалық – 17% және жергілікті бюджеттер – 7%. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік шығыстардың атқарылуы да жақсарған, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,7%, республикалық бюджет шығыстары 99,2% және жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,4%-ды құраған. 

Бюджет тапшылығы іш жүзінде есепті кезең жоспарынан едәуір төмен қалыптасты. Мемлекеттік бюджет бойынша 995 млрд теңге, республикалық бюджет бойынша 1 трлн 127 млрд теңге. Жергілікті бюджеттетр бойынша 20 млрд теңге сомасында профицид қалыптасты. Ұлттық қордың активтері 26 трлн 320 млрд теңгені құрады, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол кірістер бойынша республикалық бюджетке түсетін кірістер 5 трлн 285 млрд сомасында немесе есептік кезеңге арналған жоспарға 100% жиналғанын айтты.

2018 жылдың 10 айымен салыстырғанда 771 млрд теңгеге өсті. Негізгі өсім қосылған құн салығы – 443 млрд теңге, корпоративтік табыс салығы 194 млрд теңге. Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтар бойынша 105 млрд теңге қалыптасты. Жергілікті бюджеттердің меншіктік кірістері 74 млрд теңгеге асыра орындалды және 2 трлн 27 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кірістер 140 млрд теңгеге өсті. Бұл негізінен салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Кірістер жобасы Маңғыстау облысы және Нұр-Сұлтан қаласын қоспағанда барлық өңірлерде асыра орындалды, - дейді министр. 

Сөз арасында министр Республикалық бюджеттің шығыстары 9 трлн 565 млрд теңгені немесе 99,2% құрағанын және 79 млрд теңге орындалмағанын жеткізді. Оның ішінде үнемдеу 11 млрд теңге болса, 68 млрд теңге игерілмеген.

Бұл жерде нақтыланған бюджеттің өзгерістері ескерілмеген, олар қараша айында көрініс табады. Ең көп игермеуге мынандай республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жол берді: Экология-геология және табиғи ресурстар министрлігі – 10,01 млрд теңге, Білім және ғылым министрлігі – 9,3 млрд теңге, Индустрия және инновациялық даму министрлігі – 7,8 млрд теңге, Мәдениет және спорт министрлігі – 6,1 млрд теңге, Цифрлық даму инновациялық және аэроғарыш өнеркісіп министрлігі – 5,1 млрд теңге, - деді ол. 

Әлихан Смайыловтың айтуынша, бюджет қаржысының игерілмеудегі негізгі себептері мемлекеттік мекемелердің қайта ұйымдастырылуы, орындалған жұмыстар актілерінің уақытылы ұсынылмауы, шарттар қосымша келісімдер жасасудың ұзақ жүргізілуі.

Өзгелердің жаңалығы