Мемлекеттік басқаруда халықтың үлесі артады – Майгельдинов

5 Мамыр 2022, 20:55
2237
Бөлісу:
Мемлекеттік басқаруда халықтың үлесі артады – Майгельдинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма Төрағасы Қазбек Майгельдинов айтты.

Мемлекет басшысы өз үндеуінде конституциялық реформалар бойынша ең маңызды бірқатар өзгерісті атады. Оның ішінде жалпы халықтық референдум 5-ші маусымға бекітілді. Жалпы, референдум туралы заң бойынша, кемінде бір ай немесе үш ішінде референдум өткізетін күнді белгілеу қажет. Осыған орай бүгін бір айға жуық уақыттан кейін Президентіміз шешімін айтты, - деді ол.

Саясаттанушының айтуынша, ең бастысы - еліміздегі саяси жүйенің өзгеруі.

Жаңа Қазақстанның жаңа ережелері ата заңымыздағы болатын заңның 3/1 бөлігінің өзгерістеріне негізделіп отыр. Өйткені Мемлекет басшысы «суперпрезиденттік» биліктен, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкіметтен классикалық Президент билігіне көшуді көздеп отыр. Осыған байланысты Президент өкілеттігін шектеу қаралды. Нәтижесінде тежеуішпен тепе-теңдік механизмін жүзеге асыру арқылы өкілетті органдарға құзыреті мен  негізгі өкілеттілігін кеңейту қаралды, - деді Қазбек Майгельдинов.

Ол  Парламенттің күшейетінін атап өтті.

Мәселен, бүгінде Мәжіліс заң шығарушы органға айналып отыр. Ал Сенат жаңа нормаларды қабылдайтын не қабылдамайтын бағыт ұстанатын болады. Екіншіден, жергілікті өңірлердегі мәслихаттың өкілеттілігі кеңейеді. Мәслихаттың төрағасы бекітілетін болады, - деді Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма Төрағасы Қазбек Майгельдинов.

Сонымен қатар Майгельдиновтің сөзінше, ата заңымызда Президенттің жақын туыстары саяси биліктегі қызмет пен квазимемлекеттік басшысы бола алмайтындай норма бекітіледі.

Өзгелердің жаңалығы