Мемлекеттік басқаруда ғылыми зерттеулерге назар аудару керек – Бәйменов

22 Ақпан 2022, 15:43
1540
Бөлісу:
Мемлекеттік басқаруда ғылыми зерттеулерге назар аудару керек – Бәйменов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы реформаларда мемлекеттік қызметтің тиімділігін жетілдіруге көңіл бөлінуі тиіс. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов айтты.

Мәселен, жемқорлық деңгейінің өршіп тұрғанын Дүниежүзілік банк анық көрсетті. Ол көрсеткіште еліміз 100-ден төменгі орында тұр. Зерттеулерде көрсеткендей, мемлекет қауқарсыздығы индексі бойынша, оның ішінде көпшіліктің наразылығы бойынша 143 орындамыз, биліктің заңдылығы бойынша – 137, элиталар қақтығысы бойынша 106 орындамыз. Бұл бұған дейін де белгілі болып келді. Бірақ бұл мәліметтерге ешкім назар аударған жоқ, - деді Бәйменов Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, мұндай мәселеге жол бермеу үшін мемлекеттік басқаруда ғылыми зерттеулерге баса назар аударылуы тиіс.

Берген дабылдарға құлақ асу керек. Екінші жағынан электронды Үкіметті дамыту саласы бойынша Қазақстан халықаралық сарапшылардың ең жоғарғы бағасын алған. Бірақ олардың жемісін неге халық көрмейді? Сол себепті алдағы саяси реформаларда осы мәселелерге көңіл бөліну қажет, - деді Әлихан Бәйменов. 

Өзгелердің жаңалығы