Мемлекеттік аппарат бюрократиядан құтылуға неге қарсы?

2 Ақпан 2024, 12:38
684
Бөлісу:
Мемлекеттік аппарат бюрократиядан құтылуға неге қарсы?
Фото: pixabay.com

Бұл туралы Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту туралы брифингте айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Күнделікті қызметті бюрократиядан арылту процесіне мемлекеттік аппарат белгілі дәрежеде қарсы. Бюрократиядан арылтуды кез келген мемлекеттік аппарат өте ауыр қабылдайды. Бұл – әлемдік құбылыс. Себебі бұрынғы әкімшілік мүмкіндіктер қысқарады немесе мүлдем жоғалады, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов.

Ол нақты қандай әкімшілік мүмкіндіктер қысқаратынын да атады.

Қызметкерлердің функциялары мен штат саны қысқартылады. Ведомстволық ақпарат қолжетімді және ашық болады. Мемлекеттік мүлік бірыңғай баланс ұстаушыға беріледі. Мемлекеттік органға бөлінетін бюджет қаражаты азаяды. Персоналды басқару, мемлекеттік сатып алу және басқа мәселелерді қоса алағанда қызметтің бейінді емес түрлері қысқарады, - деді ол.

Брифингте Мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдар санының қажетінен артық екені және мемқызметтегі басшылар жауапкершілік алғысы келмейтіні де айтылды.

Өзгелердің жаңалығы