Мемлекеттен берілетін жалдамалы пәтер иелерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттен берілетін жалдамалы пәтер иелерінің тізімі жарияланды
1423

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында жалдамалы пәтер алған тұрғындар белгілі болды.

Бұл туралы Elorda.info хабарлады.

18-24 маусым аралығында үй кезегінде тұрған әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға арналған 117 пәтердің (1,2,3 бөлмелі пәтерлер) иелері анықталды. Бұл - сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы.

Аталған бағдарламаның нәтижесін және баспаналы болғандардың тізімін zhilfond.kz сайтынан көруге болады.

Әлеуметтік жағынан осал топтар санаты бойынша 1 бөлмелі пәтерге - 2009 жылдың 11 ақпанына дейін, 2 бөлмелі пәтерге - 2010 жылдың 5 ақпанына дейін, 3 бөлмелі пәтерге - 2008 жылдың 18 тамызына дейін кезекте тұрғандар ие болды.

Жетім балалар санаты бойынша 1 бөлмелі пәтерге - 2010 жылдың 21 мамырына дейін, 2 бөлмелі пәтерге - 2012 жылдың 8 тамызына дейін, 3 бөлмелі пәтерге - 2012 жылдың 13 шілдесіне дейін кезекте тұрғандар өтті.

Бағдарлама бойынша өткендердің барлығына жақын арада тұрғын үй орталығының қызметкерлері қоңырау шалып, әрі қарай не істеу керектігін хабарлайды.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы