Мемлекеттен 10 млрд теңгеден артық ақша бөлінген жол құрылысы неге тоқтады?

20 Маусым 2022, 12:27
1428
Бөлісу:
Мемлекеттен 10 млрд теңгеден артық ақша бөлінген жол құрылысы неге тоқтады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Ғали Есқалиев жауап берді. 

Әкім Казталовка-Жәнібек-Бөкей ордасы жолы 2021 жылы тапсырылады деп айтқан болатын. Алайда бұл жолдың 45 шақырымы ғана қолданысқа беріліп, қалғаны белгісіз себептермен 2024 жылға шегерілді. 

Расында жолдың құрылысы 2021 жылдың аяғында біту керек еді, қазір жол құрылысы кешігіп келе жатыр. Негізгі себептердің бірі 2020 жылы сәуір айында тиісті қаражатты бөлгеннен кейін қаражат бюджетке кері қайтарылды. Өйткені пандемияға бюджеттен қомақты қаражат қажет етілді. Яғни шамамен 8 миллиард теңге бөлінді, соның барлығы қайтарылды, - деді әкім. 

Сонымен қатар, Ғали Есқалиев кейбір мердігерлердің жауапсыз болып шыққанын айтты. Республикалық маңызы бар жолға жауапты «ҚазАвтоЖол» компаниясының қазір бір учаскенің мердігерімен келісімшартты бұзуы қазір үлкен мәселе туғызып отырғанын алға тартты. 

Биылдан 15 миллиард теңге бөлінді. Өздеріңіз білесіздер, былтыр құрылыс заттарының құны қатты өзгеріп кетті. Сондықтан қазір қаражат құнына түзетулер енгізіліп жатыр. Түзетулерге байланысты қосымша ақша да биыл бөлінуі керек. Яғни мердігерлер қазір қаражатпен қамтылып жатыр. «ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметі бойынша, биыл қосымша 119 шақырымға жол ашылады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы