Мемлекетке 5 млн гектар бос жатқан жер мерзімінен бұрын қайтарылды - Қарашөкеев

26 Қазан 2022, 09:23
1048
Бөлісу:
Мемлекетке 5 млн гектар бос жатқан жер мерзімінен бұрын қайтарылды - Қарашөкеев

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің кезекті жетістігімен бөліссем. Биыл пайдаланылмай жатқан әрі заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі Президенттің тапсырмасын орындау үшін белсенді жұмыс істедік. 

Мен бұған дейін осы жұмыстың аралық нәтижелерін жариялап отырдым. Міне, бүгін биылғы жылдың соңына дейін мемлекетке қайтарылуы тиіс болған 5 миллион гектар бос жатқан жер мерзімінен бұрын қайтарылғанын айтқым келеді, - деді ол.

 Бұған қоса, жер инспекторларының тексеру нәтижелері бойынша 1,8 миллион гектар жерді иелері ұзақ уақыттан кейін игере бастады. 

Осы орайда Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелерінің мамандарына, жұмыс комиссиясының және ведомствоаралық топтардың мүшелеріне алғыс айтамын. Тексерулердің саны былтырғымен салыстырғанда 8 есеге өсті. Мысал ретінде 2022 жылы 1357 тексеру тіркелген болатын. Көп жұмыс жерді тексеруге мораторийдің алынып тасталғаны арқасында қол жеткізілді. Себебі соның арқасында біз кезінде заңсыз берілген, «жұмыс істемейтін», яғни ел экономикасына пайда әкелмеген учаскелерді анықтадық. Бұл процесс ауыр және оның жауапкершілігі өте жоғары  екенін айта кету керек.  

Өкініштісі, жергілікті атқарушы органдар бұл жұмысқа әрдайым және барлық кезде қатыспағанын да айту керек. Соған қарамастан, жоспар орындалды. Бірақ жеткен жетістікке тоқмейілсіп отырмаймыз, яғни мұнымен жұмысты тоқтатпаймыз. Ауыл шаруашылығы министрлігі келесі жылға жоспарланған тағы 5 млн. га ауыл шаруашылығы жерін қайтару жөніндегі міндеттерді мерзімінен бұрын іске асыра бастайды. Осы орайда, меншігінде жері бар, бірақ сонымен жұмыс істемейтін қазақстандықтарға ескерту жасағым келеді: тексеруден ешкім құтылмайды, барша жер иелеріне қатысты болады. Өткен Республика күні мерекесі құтты болсын, барша қазақстандыққа амандық тілеймін!, - деп жазды министр.

Өзгелердің жаңалығы