Мемлекетке 1,9 млрд теңгенің атыс қаруы тапсырылды – министрлік

17 Сәуір 2023, 10:31
728
Бөлісу:
Мемлекетке 1,9 млрд теңгенің атыс қаруы тапсырылды – министрлік
Фото: egemen.kz

Ел азаматтары жалпы сомасы 1,9 млрд теңге болатын 56 мыңнан астам атыс қаруын өз еркімен мемлекетке тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Айтуынша, ведомство жыл сайын өткізетін заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды халықтан сатып алу акциясы жалғасып жатыр.

Науқан 10 сәуірде басталды. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бір апта ішінде ішкі істер органдарына 317 азамат жүгінді. Олар өз еркімен 399 атыс қаруын, 1,4 мыңнан астам патронды мылтық қаруын тапсырды. ІІМ-нің қару-жарақ заттарын халықтан сатып алу жөніндегі іс-шаралар 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді, осы кезеңде азаматтар жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге 56 мыңнан астам атыс қаруын, 2 млн-нан астам патронды өз еркімен тапсырды, - деп атап өтті министрлік өкілі.

Сонымен қатар ол атыс қаруын қолданған қылмыс саны азайғанын айтты.

Қабылданған шаралардың тиімділігі атыс қаруын қолдануға қатысты соңғы 5 жылда жасалған қылмыстар санының жартысынан астамына, яғни 43 пайызға, 2017 жылғы 339-дан 2021 жылы 192-ге дейін төмендегенінен көрінеді. Естеріңізге сала кетейік, қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың техникалық жағдайына байланысты оның әрбір бірлігі үшін 34 мыңнан 345 мың теңгеге дейінгі сомада төлем көзделеді. Қару-жарақ заттарын қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізіледі, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Жарақаттанудың алдын алу мақсатында ІІМ табылған жарылғыш материалдармен және оқ-дәрілермен ешқандай әрекет жасамауды, ешбір жағдайда оларды тасымалдауға тырыспауды, бірақ бұл туралы полицияның кез келген бөлімшесіне, оның ішінде 102 нөміріне немесе 112 нөміріне телефон арқылы хабарласу қажет.

Өзгелердің жаңалығы