Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев 76 жасына қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қайғылы хабарды әлеуметтік желіде жақын араласатын достары жазып жатыр. Саясаткердің бүгін таңертең жүрегі тоқтаған.
Балташ Тұрсымбаев — 1946 жылы Ресейдің Омбы облысына қарасты Кіші Боранкөл ауылында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан облысының атқару комитетінің төрағасы, ҚР премьер-министрінің орынбасары, Қостанай облысының әкімі, Ауыл шаруашылық министрі қызметтерін атқарған. Сонымен қатар қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, елшілікте де еңбек еткен. Бірінші сыныпты төтенше және өкілетті елші.
Кейінгі жылдары еліміздің қоғамдық-саяси процесіне белсене араласып жұмыс істеді.