Бұл туралы «Біздің ел - біздің таңдау» онлайн марафонында Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Марафонда «Адам қызғушылықтары, адамның мүддесі бірінші орында болуы керек пе? әлде көпке ортақ мемлекеттің мүддесі маңызды ма?» атты сұраққа пікірталас өтті.
Жауапкершілік идеологиясы деген болуы керек. Кеңестік дәуірде қаншалықты жақсы өмір сүрдім, дегенмен ол жерде таптық мүдде болғаны түсінікті. Ол жерде сөз бостандығы мен ой еркіндігі болмады. Демократиялық құндылықтар - ашық түрде өз талабыңды қоя білу. Оған жеткізетін түрлі жол бар. Бірақ мемлекет дер кезінде халықтың талап-тілегіне дер кезінде құлақ асуы керек, - деді депутат.
Айтуынша, халықтың мемлекетке деген сенімі орнықты болуы керек.
Халықсыз мемлекет болмайды. Сондықтанда мемлекет пен халық алдындағы , халық пен мемлекет алдындағы жауапкершілігі бір-бірінен ажырамайтын ұғым. Ол ешқашан бір-бірінен төмендемеуі керек. Халықтың жауапкершілігі болса, мықты мемлекет құрылады, - деді спикер.