Мемлекет ғалымдардың еңбегін жоғары бағалайды. Тоқаев Ғылым күнімен құттықтады

12 Сәуір 2023, 15:33
958
Бөлісу:
Мемлекет ғалымдардың еңбегін жоғары бағалайды. Тоқаев Ғылым күнімен құттықтады
PHOTO
Фото: Ақорда

Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметкерлерді Ғылым күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы ғылым жолында жүрген азаматтарды мерекесімен құттықтады.

Мемлекет ғалымдардың еңбегін жоғары бағалайды. Тоқаев Ғылым күнімен құттықтады

Сөз соңында баршаңызды Ғылым күнімен құттықтаймын! Ғылым жолында жүрген азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Мемлекет ғалымдардың еңбегін жоғары бағалайды және қолдау көрсете береді. Біз бүгін бірінші отырысты өткіздік. Алда тағы көптеген кездесу болады. Менің ұсынысым мынадай: біз ғылымның дамуына байланысты ең өзекті мәселелерді басымдық (яғни приоритет) ретінде осы құраммен талқылап, тиісті шешімдерді қабылдауымыз керек. Әрине, мемлекеттің қаржылық мүмкіндігі шексіз емес, біз «көрпеге қарай көсілуіміз керек». Сондықтан Академия басшылығы мемлекет басшылығына ғылымның негізгі басымдықтарын ұсынуы қажет. Бұл – өте маңызды жұмыс, - деді ол.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев  Күнсұлу Закарьяны Ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындағанын айтып өтті.

Мемлекет ғалымдардың еңбегін жоғары бағалайды. Тоқаев Ғылым күнімен құттықтады

Осы орайда мен баршаңызға бір ақпарат айтқым келеді. Бүгін мен Күнсұлу Дальтонқызы Закарьяны Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындадым. Күнсұлу Закарья – көрнекті ғалым, биология ғылымдарының докторы, әлемдік ғылым қоғамдастығына танымал профессор, отандық «QazVac» вакцинасының авторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Пандемия кезінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін күшейтуге зор үлес қосты. Ұйымдастыру қабілеті жоғары. Сонымен қатар Ғылым академиясының бұрынғы президенті, көрнекті ғалым Мұрат Жұрынұлы Жұрыновқа қажырлы еңбегі үшін тағы да алғысымды айтамын. Баршаңызға амандық тілеймін! Жұмыстарыңыз жемісті болсын!, - деп түйіндеді Президент.

Мемлекет ғалымдардың еңбегін жоғары бағалайды. Тоқаев Ғылым күнімен құттықтады

Кеңес отырысында Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев, Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья, Пурду (АҚШ) университеті Ядролық энергетика мектебінің профессоры Зинетола Еңсепов, Ұлттық ғылым академиясының академигі Жәкен Таймағамбетов, Густав Рози (Франция) институтының директоры әрі доценті Мұрат Сапарбаев, «Экономика институтының» Жаһандану және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас ғылыми қызметкері Оразалы Сәбден, Аустрия ғылым және технология институтының доценті Жәнібек Әлпейішев және Лос-Аламос ұлттық зертханасының (АҚШ) ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты Дияр Талбаев сөз сөйледі.

Мемлекет ғалымдардың еңбегін жоғары бағалайды. Тоқаев Ғылым күнімен құттықтады
Өзгелердің жаңалығы