Мемлекет дағдарыс кезінде көп жобалардан бас тарту керек – сарапшы

6 Мамыр 2020, 18:26
1748
Бөлісу:
Мемлекет дағдарыс кезінде көп жобалардан бас тарту керек – сарапшы
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мемлекеттік секторда мардымсыз әрі маңызды емес жобалардан бас тарту қажет. Бұл туралы Әлемдік экономика және саясат институты сарапшылары (ӘЭСИ) айтты.

Аталған институт сарапшылары елді жаңғырту мәселелері бойынша жүргізілген жүйелі сараптамалық зерттеудің нәтижесімен таныстырды. Атқарылған жұмыстың нәтижесі бойынша ұсынымдар мен кеңестер ғылыми-қолданбалы сипаттағы 5 арнайы баяндамада жинақталған. 

Жоба жетекшісі Гүлбану Пазылқайрованың айтуынша, мемлекетті әрі қарай жаңғырту тек адамицентристік негізде, яғни реформалар «алдымен-адам» принципі бойынша әзірленетін кезде ғана мүмкін екендігін атап өтті. 

Коронавируспен күрес екі маңызды белгі берді.
Бірінші белгі – осындай талықсытпа кезеңде үлкен көлемдегі ресурстар мен шараларды үйлестіретін функционалды үкімет қажет. Екінші белгі – мемлекеттер өткен жылдарда түпкілікті рөл, яғни қоғамдық инфрақұрылымды тиісті жағдайда ұстап  әрі дамытуға аса көңіл бөлуі керек еді. Мемлекеттік секторда мардымсыз  әрі маңызды емес дүниелерден бас тарту қажет, - дейді Гүлбану Пазылқайырова.

Өзгелердің жаңалығы