Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар ардагерімізге «Халық қаһарманы» атағы берілді

8 Мамыр 2023, 09:04
1564
Бөлісу:
Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар ардагерімізге «Халық қаһарманы» атағы берілді
PHOTO
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәдімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Әбдіғали Қаймолдинге «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын,- делінген Жарлықта.

1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Жеңіс Парадының қатысушысы Иван Степанович Гапичке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын, - делінген Жарлықта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар ардагерімізге «Халық қаһарманы» атағы берілді

ҚАЙМОЛДИН ӘБДІҒАЛИ, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері.

1921 жылы 30 маусымда Семей облысы Абыралы ауданы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылы әскер қатарына шақырылды. 1941-1945 жылдың 9 мамыры аралығында Сталинград, 1-Украина, 1-Беларусь, 3-Балтық майдандарында шайқасты. 1946 жылдың маусым айында әскер қатарынан босатылған. Аталған қызметтен кейін партияда және мемлекеттік органдарда жұмыс істеді. Әуелі КОКП Семей облыстық комитетінде, содан кейін Жаңасемей, Новопокровск аудандарының атқару комитетінде еңбек етті. 1977-1982 жылдары «Түрксіб» совхозы партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді және осы жерден құрметті демалысқа шықты. Қызыл жұлдыз және І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар ардагерімізге «Халық қаһарманы» атағы берілді

ГАПИЧ ИВАН СТЕПАНОВИЧ, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері.

1923 жылы 2 ақпанда Ақмола қаласында дүниеге келген. Польшаны, Чехословакияны, Украинаны азат етуге қатысты. Бүкіл соғысты бастан өткерген майдангер фашистердің гарнизондары мен комендатураларын талқандаған, оқ-дәрі және азық-түлік қоймаларын жойған отрядтың жауынгерлік операцияларына қатысқан. Қызыл жұлдыз және ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен,«Құрмет» орденімен, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы. 1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадының қатысушысы.

Өзгелердің жаңалығы