Мемлекет басшысы Жанболат Аупбаевты мерейтойымен құттықтады

24 Желтоқсан 2021, 16:11
1482
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Жанболат Аупбаевты мерейтойымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист Жанболат Аупбаевты 70 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Бүгін 70 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!  Сіздің ұлттық журналистиканың көшін ерге сүйреп келе жатқан қабырғалы қаламгер деп білеміз. Қалың жұртшылық өзіңізді қазақ баспасөзінің алыптар шоғырымен қызметтес болған, көсемсөздің қыры мен сырын бойына сіңірген кәсіби журналист деп құрметтейді, - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Тоқаев өз құттықтауында Аупбаевтың еңбек жолында  «Лениншіл жас», «Халық кеңесі », «Ақиқат», «Егемен Қазақстан» сияқты еліміздегі беделді басылымдарда жемісті қызмет еткенін,  кәсіби журналист ретінде қазақ баспасөзін дамыту үшін аянбай тер төккенін атап өтті.

Сіздің қаламыңыздан шыққан зерттеу еңбектеріңіз, танымдық, публицистикалық мақалаларыңыз бен очерктеріңіз оқырман қауымның ықыласына бөленді. Ұзақ жыл бойы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін абыроймен атқарып, Қазақстанның бас басылымының қазіргі заманғы сай жаңғыруына зор еңбек сіңірдіңіз, -деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы