Мемлекет басшысы Үрімжі қаласына барды

18 Қазан 2023, 18:12
490
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Үрімжі қаласына барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.

Қазақстан Президенті Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП хатшысы Ма Синжуймен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Кездесу барысында аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.

Өзгелердің жаңалығы