Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

29 Қазан 2022, 09:01
843
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Республика күніне орай осы елдің Президенті Режеп Тайип Ердоғанға және барша түрік халқына жүрекжарды құттықтауын жолдады,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.

Ұлт бірлігі мен ынтымағының айқын көрінісі, еркіндік пен жасампаздықтың бірегей нышаны болған бұл күннің ел тарихында орны ерекше екені сөзсіз. Осы құндылықтарды ту еткен Анадолы елі – қазіргі таңда жаһандық деңгейдегі жетістіктерін бүкіл дүниежүзі мойындаған белді де беделді мемлекет. Мұның бәрі ел басқару ісіндегі мол тәжірибеңіз бен дана саясатыңыздың, қажырлы еңбегіңіз бен ерекше тұлғалық қасиеттеріңіздің арқасы деп білемін. Осы тұста Сіздің парасатты басшылығыңызбен Отаныңыздың әлемдегі мәртебесі одан әрі асқақтап, халқыңыздың ырыс-берекесі еселей беруіне тілектестігімді білдіремін, – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында. 

Қасым-Жомарт Тоқаев 30 жыл бұрын Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастар орнағанын, бүгінде ынтымақтастығымыз кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Түркия Президентінің аса жауапты қызметіне толайым табыс, отбасына баянды бақыт, ал ағайын түрік халқына мол ырыс пен құт-береке тілейтінін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы