Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады

8 Қаңтар 2022, 15:38
6649
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президентке төтенше жағдай кезінде ТЖМ бөлімшелері өздеріне жүктелген міндеттерін орындағаны жөнінде баяндалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Министр мемлекеттік мекемелер мен бизнес-субъектілер ғимараттарының кең көлемде өртенуіне заңға қарсы әрекеттер себеп болғанын жеткізді.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ТЖМ-ның 10 қызметкері түрлі жарақат алған, соның ішінде бір қызметкерге оқ тиіп жараланған. Шабуылдардың салдарынан өрт және құтқару қызметінің  29 техникасы зақымданған, оның ішінде 5 автоцистерна толығымен өртеніп кеткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев жүктелген міндеттерді әрі қарай атқара беруге және  хабарлама жіберу жүйесі арқылы тұрғындарға уақытылы ақпарат беріп отыру қажет екеніне баса мән берді.

Өзгелердің жаңалығы