Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарындағы жетістерді атады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада мәлім етті.
Еліміз өңірлерді, көлік инфрақұрылымын, әлеуметтік салаларды дамытуда байыпты жетістіктерге жетті. 13 мың шақырым автомобиль жолы мен 2,5 мың темір жол салынып, жаңғыртылды. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» күре жолының еліміздегі бөлігі іске қосылды. Каспий теңізінің жағасында Құрық айлағы ашылды. Өндіріс саласына серпін берілді. Аумағы 180 млн шаршы метрден астам үй салынды. Соның нәтижесінде бір жарым миллион азаматымыздың тұрғын-үй жағдайы жақсарды, - деп атап өтті Президент.
Сондай-ақ Тоқаевтің мәлімдеуінше, Қазақстанға 370 млрд доллардан астам тікелей шетел инвестициясы тартылды. Жан басына шаққандағы бұл көрсеткіш бойынша еліміз поскеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің бәрінен және бірқатар шығысеуропалық елдерден басып озды. Қазақстаның халықаралық қоры 90 млрд доллардан асып жығылады.