Мемлекет басшысы тағы бір арнайы жасақ дайындалатынын айтты 

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.</h4>

 BAQ.KZ  Ержан Жаубай 11 Қаңтар 2022 2022, 12:13
11 Қаңтар 2022 2022, 12:13
2431
Фото: Ержан Жаубай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Тоқаев әскердің дайындығын арттыру керегі туралы айтты. 

Жақын арада арнайы операция жүргізетін күш жасақтау қажет, - деді Тоқаев.

Сондай-ақ Тоқаев Діни экстремизмге қарсы кешенді шаралар дайындау қажеттігін атап өтті.

Олардың  криминалмен байланысуына жол бермеу керек. Әсіресе, құқық қорғау органдарының мүшелерімен, - деді Тоқаев.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-министрінің кандидатурасын ұсынды. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндамалар жасады. 

 

Наверх