Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

1 Қыркүйек 2022, 20:01
767
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Ресей президенттері екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырып келе жатқан үкіметтердің тиімді өзара іс-әрекетін атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге ТМД, АӨСШК саммиттеріне, сондай-ақ қазан айының ортасында Қазақстан астанасында өтетін «Орталық Азия – Ресей» мемлекеттер басшыларының отырысына қатысуға келіскеніне ризашылығын білдірді.

 Президенттер тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті. 

Өзгелердің жаңалығы