Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады

20 Ақпан 2024, 19:35
709
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады
Фото: -архив

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 ақпан күні Қазан қаласында өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады.

Аталған іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ басқа да бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы