Мемлекет басшысы құтқарушылармен және еріктілермен кездесті

4 Сәуір 2024, 18:00
853
Бөлісу:
Мемлекет басшысы құтқарушылармен және еріктілермен кездесті
PHOTO VIDEO
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде ішкі істер органдары, Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан қызметкерлерінен құралған құтқарушылар тобымен және су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысып жатқан еріктілермен жүздесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.

Мемлекет басшысы құтқарушылармен және еріктілермен кездесті
Мемлекет басшысы құтқарушылармен және еріктілермен кездесті

Кездесу барысында Президент табиғи апатпен күреске атсалысқан барлық азаматқа ризашылығын білдіріп, олар бүкіл еліміз үшін өте маңызды, игі іс атқарып жүргенін атап өтті.

 Көп ұзамай бұл жұмыстар да аяқталады. Қиындықты қалай да еңсереміз. Осында еңбек етіп жүрген құтқарушылар, полицейлер, еріктілер лайықты деңгейде марапатталады. Бұл міндетті түрде менің бақылауымда болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы құтқарушылармен және еріктілермен кездесті

 

Өзгелердің жаңалығы