Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазан қаласына барды.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
Татарстан астанасының халықаралық әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика басшысы Рустам Минниханов қарсы алды.
Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлінің көрікті жерлерін аралап көреді және Татарстан Президентімен кездесу өткізеді. Сонымен қатар республиканың өзге қалаларында орналасқан «Камаз» және «Танеко» сияқты ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысады.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға