Мемлекет басшысы православие шіркеуінің өкілдерімен кездесті

14 Қыркүйек 2022, 13:54
1060
Бөлісу:
Мемлекет басшысы православие шіркеуінің өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы православие шіркеуінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеулік байланыстар департаментінің төрағасы, Волоколамск митрополиті Антонийді, Қазан және Татарстан митрополиті Кириллді, Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы митрополит Антонийді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, православие діні Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, православие шіркеуі қоғамда жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарды өсіруге және насихаттауға зор үлес қосып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда дәстүрлі діндердің, соның ішінде православиенің дамуына барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллге съездің негізгі мақсатын ілгерілетуге жасаған көмегі үшін ерекше алғысын жолдап, оған зор денсаулық пен рухани күш-қуат тіледі.

Өз кезегінде православие шіркеуінің өкілдері Патриарх Кирилдің Мемлекет басшысына ізгі тілектерін жеткізді, сондай-ақ оның Қазақстан бастамаларын қолдайтынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы