Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

11 Қараша 2023, 11:03
496
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінде Польша саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуда, халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуде зор жетістіктерге жетті. Осы тұста еліңіздің әлемдегі мәртебесі одан әрі асқақтап, халқыңыздың ырыс-берекесі еселене беруіне тілектестігімді білдіремін. Біз Польшаны Қазақстанның Еуропадағы жақын серіктесі деп білеміз және достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарымызды тереңдетуге ерекше мән береміз, – деп жазылған жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы