Қасым-Жомарт Тоқаев патриотизм ұғымына нақты анықтама беріп, оны күнделікті адал еңбекпен байланыстыратынын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының айтуынша, нағыз патриот – тек ұранмен емес, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қай салада болмасын қызметін адал атқаратын адам.
Патриот дегеніміз – өз жұмысын кез келген орында, мейлі, университет, мектеп, аурухана, кәсіпорын немесе министрлікте болсын, өз қызметін адал атқаратын адамдар. Әскери қызмет туралы айтпасақ та болады. Бұл арада барлық мамандықты тізіп шығу міндет емес шығар. Жұмыстың жаманы болмайды, – деді Президент.
Президенттің пікірінше, жұмыстың жаманы жоқ, әрбір еңбек ел дамуына үлес қосады. Сондықтан әр азамат өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, кәсібилік танытуы тиіс.
Бұл ұстаным қоғамда еңбекқорлық пен жауапкершілік құндылықтарын нығайтып, елдің тұрақты дамуына негіз болады.