Мемлекет басшысы: Оқушыларға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру керек

5 Қазан 2023, 12:32
582
Бөлісу:
Мемлекет басшысы: Оқушыларға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру керек
Фото: BAQ.KZ - Архив

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық педагогтер съезінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетінші мәселе. Оқушыларға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру керек. Мемлекеттің тірегі – адал азаматтар. Елімізде осы қағидаға негізделген жаңа қоғамдық этика орнығуға тиіс. Қазақта «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген сөз бар. Мектеп ізгілік қағидаларын, адамзатқа ортақ құндылықтарды балалардың бойына сіңіретін орталыққа айналуы керек,- дейді Мемлекет басшысы.

 Ол жас ұрпақ әділ, адал, үнемшіл, еңбекқор, білімпаз, отаншыл әрі жанашыр болуға ұмтылуы керек екенін  баса айтты.

Ұлттың жаңа сапасы дегеніміз – осы. Тәрбие ісінде ұлттық педагогика бастауларын да назардан шығармаған жөн. Балаларымыздың бойына қазақтың салт-дәстүрі мен құндылықтарын сіңіру аса маңызды. Халқымыз қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген. Қадір-қасиет, абырой, парыз секілді ұғымдарға атүсті қарамаған. Яғни, төл мәдениетіміз де жастар тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Еңбекқорлықты дәріптеу үшін балаларды жастайынан еңбекке баулу қажет, -  дейді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы