Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекет басшысы опера әншісі Әйгерім Алтынбекті құттықтады

28 Шілде 2025, 18:03
449
Бөлісу:
 Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында топ жарып, жеңімпаз атанған Әйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап. 

Еліміздің мәдениетін төрткүл әлемге танытып, халықаралық сарапшыларды мойындатқан бұл жетістігіңіздің мән-маңызы зор. Сіз мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, төл өнерімізді әлемнің төріне шығардыңыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіз деп сенемін! – деп жазды Президент.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық опера жұлдызы Италияда өтіп жатқан байқаудың финалына өткенін хабарлаған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы