Мемлекет басшысы Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

18 Қараша 2023, 11:08
890
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Оман Сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінде Оман – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруін тілеймін, – делінген құттықтау жеделхатта.

Президент Оман Сұлтанының аса жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.

Өзгелердің жаңалығы