Мемлекет басшысы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды

21 Шілде 2022, 15:53
1656
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды. Президент музей-үйде Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты және құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы үйі 1959 жылы салынған. Қазақтың ұлы жазушысы бұл үйде 1959-1961 жылдары тұрып, жұмыс істеген, сондай-ақ өзінің «Өскен өркен» атты соңғы романын жазуды бастаған. Бірақ аяқтап үлгермеді.

Мемлекет басшысы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды
Мемлекет басшысы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды

1970 жылы қыркүйекте мұнда Мұхтар Әуезовтің кітапхана-музейінің ресми ашылу рәсімі өтті. Қазіргі уақытта музейде жазушының жеке заттары: үстел, орындықтар, тербелмелі кресло, үстел сағаты, киім ілгіш, кітап шкафы, кітаптар сақталған. Жазушының қызы Ләйлә Мұхтарқызының бастамасымен кітапханаға алғашқы 5000 дана кітап жиналды. Қазір кітапханадағы кітап қоры – шамамен 12000.

Мемлекет басшысы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды

Кітапхана-музейде семинарлар, оқу конференциялары, кездесулер өткізіліп тұрады.

Өзгелердің жаңалығы